Құрама Штаттардың Бішкектегі елшілігінің хабарлауынша, қырғызстандықтар B1, B2 және B1/B2 санатындағы виза алуға өтініш тапсырғаны үшін 20 доллар көлеміндегі ақы төлемейтін болды.
«Мұндай өзгерстер қырғыз халқына көрсетілетін қызметті жақсарту, екі ел арасындағы байланысты нығайту, саяхаттауды жеңілдету мақсатында қабылданды» дейді АҚШ-тың Қырғызстандағы елшісі Лесли Вигери.
Қырғызстан билігі АҚШ билігімен қырғызстандықтар үшін визалар мерзімін созу мәселесі жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Бұның алдында қырғыз депутаттары осы мәселені елші Лесли Вигеримен бірге талқылаған. 2023 жылғы желтоқсанда АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі Вашгтон осы мәселені қарап жатыр деп мәлімдеген.