Тәжікстан ішкі істер министрлігі қайғылы оқиғадан бірнеше күн өткеннен кейін марқұмдардың денесінде зорлық ізі жоғын, бірақ көпірден секірерден бұрын бір-бірінің қолын байлағанын хабарлаған. Соғды прокуроры Фуркат Ходхазода биыл ақпанда осы іс бойынша тергеу аяқталғаннан кейін ғана оқиға туралы мәліметтер жарияланатынын айтқан.
«Облыстық прокурордың алашқы шешімі жойылды. Қылмыстық іс қосымша тергеуге жолданды. Қазір тергеу жүріп жатыр» дейді облыстық прокурор.
17 жастағы екі қыз былтыр қыркүйектің аяғында жерленген. Жергілікті билік олардың не себепті мұндай қадамға барғаны туралы ештеңе айтпады. Марқұмдардың туыстары да үн қатпады.
Қыздар Пенджикент педагогикалық колленджінде оқып жүрген. Мәліметтерге қарағанда, олар бір-бірінің қолын үйде киетін қалаттың белдігімен байлаған. Марқұмдар Шаршара ауылында туып, тоғыз жыл бір сыныпта оқыған, оқуға да бірге түскен.