Ссылки доступа

Жапаровтың жақтасы болған қырғыз белсендісі Аспеков тағы жеті жылға сотталды


Меліс Аспеков
Меліс Аспеков

Бішкектің 1-май аудандық соты белсенді Меліс Аспековті «қылмыс жасауға оқталды», «жаппай тәртіпсіздік жасады» деген айыптармен жеті жылға соттады. Бұл туралы 4 наурызда сотталушының ұлы Аалы Аспеков фейсбуктегі парағына жазды.

Аалының айтуынша, әкесі соттағы соңғы сөзінде тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарған, куәгерлер де оны қолдаған.

Аалы Аспековтің мәлімдеуінше, әкесі сот шешімімен келіспейді, жоғары тұрған инстанцияға шағым түсіреді.

1-май аудандық сотының баспасөз қызметі мәліметті растады. Сот үкімі 28 ақпанда қабылданған. Аспеков жазасын тәртібі қатаң колонияда өтейді. Меліс Аспеков екінші рет ұсталып, екінші мәрте сотталып отыр.

Меліс Аспеков 2023 жылғы қыркүйектің аяғында ұсталған. Алдын әлеуметтік желілер арқылы аудиожазбалар тараған. Тергеушілер оны Меліс Аспековтің даусы деп есептейді. Белсенді үстінен қозғалған қылмыстық істің саяси астары барын мәлімдеген.

Аспеков 2020 жылғы қазан оқиғасынан кейін билікке келген Садыр Жапаровтың жақтасы болған. Ол 2021 жылдың басында «Қырғыз темір жолы» кәсіпорынының басшысынан «250 мың доллар» талап етті деген күдікпен ұсталған. Сол кезде Аспеков жеті жылға бас бостандығынан айрылған. 2023 жылғы 23 мамырда президенттің рақымшылық туралы жарлығымен бостандыққа шыққан.

XS
SM
MD
LG