Құжатты сегіз депутат қолдап, екі депутат қарсы шықты. Талқылау кезінде депутат Камила Талиева заң жобасында құқық тұрғысынан алғанда кемшіліктер бар деген пікір тарағанын атап өтті. Ол құжатқа қатысты парламенттік тыңдау өткізу қажет деп есептейді.
Заң жобасын қабылдауға депутат Дастан Бекешев қарсы шықты. Оның пікірінше, құжатта тәуелсіз медианы жабуға әкеп соқтыратын баптар жеткілікті. Әділет министрлігі өкілінің айтуынша, тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары екі ескертуден кейін сот шешімімен жабылады.
Президент әкімшілігі ұсынған «БАҚ туралы» заң жобасы 2023 жылғы желтоқсанда Жогорку Кеңешке түскен. Содан бері құжатты парламенттің түрлі комитеттері талқылап келеді.
Заңгерлер, сарапшылар және медиақауымдастық бұл заң сөз еркіндігі мен демократиялық көрсеткіштерге қауіпті деп ескерткен. Депутат Жанар Ақаевтың айтуынша, құжат Ресейдің заңынан көшіріп алынған. Ал оның әріптесі Дастанбек Жұмабеков заң жобасында Қырғызстан Конституциясына қайшы баптар бар деп мәлімдеген.