Ссылки доступа

Алматы қаласында тау етегіне үй салу толастамай тұр (видео)

Стройки в предгорьях Алматы угрожают оползнями всему городу: как будут решать эту проблему?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:35 0:00

Билік тыйымына қарамастан, Алматы қаласында тау етегіне үй салу толастар емес. Совет заманында тау бөктеріндегі жерлердің бәрінде сел мен лай көшкіні қаупіне байланысты құрылыс жүргізуге тыйым салынған.

Алайда 80-жылдары Іле Алатауының етегінде саяжайлар, ал 90-жылдары коттедждер, клуб үйлері мен таунхаустар бой көтерген. Олардың көбінде құрылыс ережесі бұзылған. Соның салдарынан тау бөктерінде жыралар пайда болып, олар аудан тұрғындарының бәріне қауіп төндіріп тұр.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов көп жылдан бері осы мәселені Алматы билігінің назарына ұсынуға талпынып жүр. Бірақ, депутаттың айтуынша, шенеуніктер тау бөктеріндегі халыққа төнген қауіпті түсінбейді, не мәселе деген сыңай танытқысы келеді. Депутат таулы аудандардан үй сатып алып жатқандар өздерін ғана емес, олардан бұрын қоныстанғандарға да қауіп төндіреді деп ескертті.

«Су, канализация желілері жарылып, су жырылып кетіп жатқанын көріп отырмыз. Дәл осы ылғалды топырақ өте қауіпті. Үйлердің денінде қалдық су құйылатын шұңқырлар бар. Одан аққан су топырақтың жоғарғы қабатына ғана жайылады. Енді 50, 100 метр тереңдікке бойлайтын бұрғылар пайда болды. Дәл солар тау жынысының астын суландырады».

Таулы аудандарда құрылыс жүргізу қауіпті екені жақындағы қайғылы оқиға тағы еске салды. Ақпан айының басында Алматыда су құбыры жарылып, соның салдарынан ылғалды топырақ бөктерден төмен жылжып, бір үйді опырып әкетті. Сол кезде бұл үйде бір отбасының төрт мүшесі болған. Бәрі қайтыс болды.

Алматыда бес жыл бұрын көшіп келген Сәуле Әбілованың үйі де тау бөктерінде орналасқан. Оның баспанасының Төмен жағында тағы бір үй салына бастаған, бірақ құрылыс заңсыз деп танылып, құрылыс тоқтаған. Алайда тау рельефін қалпына келтіру мүмкін емес.

Былтыр Сәуленің үйіне жоғарғы жағына тағы бір үй түсті. Алматылықтың айтуынша, оны төмен сырғытпай ұстап тұратын қабырға жарылған. Енді Сәуле мен оның көршілері топырақ мұндай ауыр салмақты көтере алмай, бір күні төмен сырғиды деп қауіптенеді.

«Мені жалғыз ғана баспанам бар. Қазір үйдің бағасы күрт түсіп кетті. Қауіпсіздігін ойлаған адамдар мұнда көшіп келгісі келмейді. Менің көшетін жерім жоқ» дейді ол.

Власти утвердили новый генплан Алматы до 2040 года: что в нем?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:05 0:00

Алматы билігі тау етегіндегі құрылыстарды бақылау жеткіліксіз болғанын мойындап отыр. Әкім Ерболат Досаевтың айтуынша, құрылысқа рұқсат автоматты түрде беріледі, ал үйге коммуналдық желілер жүргізуде мәселе көп. Оның үстіне, құрылыс салушылар оның бастапқы мақсатын өзгертіп, көп пәтерлі тұрғын үй кешенін сала береді. Мегаполис басшысы бұған жол беруге болмайды деп мәлімдеді. Алматының жаңа бас жоспары аясында тау бөктеріндегі аудандардың бәрі сауықтыру түріне аударылған, яғни онда құрылыс жүргізуге тыйым салынады деген сөз.

Бұған қоса, Алматы әкімдігі таяуда Алматы маңындағы тау бөктерлеріне геологиялық зерттеу жүргізуге, ондағы құрылыстарды тоқтатуға уәде беріп отыр. Бірақ шенеуніктер салынып біткен ғимараттарға енді аудит жүргізе алмайтынын мойындап отыр.

XS
SM
MD
LG