Бұрынғы шенеуніктің түрмеде қайтыс болғанын 5 наурызда жергілікті ақпарат құралдары Бас прокуратура мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
«Өлім себебі туралы ақпарат жақында жарияланады» деп жазды жергілікті БАҚ.
«Дарье» басылымының мәліметінше, бұрынғы әкім жүрек ауруынан қайтыс болған.
2022 жылғы 26 желтоқсанда Ферғана облыстық соты 45 адамның ісі бойынша үкім шығарған. Солардың ішінде Әндіжанның бұрынғы басшысы да болған.
Сот 52 жастағы Бахром Хайдаровты «мемлекет мүлкін талан-таражға салды», «қылмыстан түскен пайданы заңдастырды», «қызмет бабын асыра пайдаланды» деп таныды. Ол 10 жылға сотталды.
Бахром Хайдаров 1972 жылы Қырғызстанның Ош облысында туған. Ол Әндіжан әкімі қызметіне 2019 жылғы тамызда тағайындалған.