Ссылки доступа

Бішкекте алаяқтық жасады деген күдікпен бір курьер ұсталды


Қырғызстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ақпанның аяғында телефонмен алаяқтық жасау қылмысына қатысы бар бір курьер тұтқындалды. Мәліметке қарағанда, Бішкектің бір тұрғыны оның үстінен полицияға арызданған.

Белгісіз бір адам жәбірленушіге хабарласып, «қызы жол апатына түсті» деп алдап, 12 мың доллар мен 250 мың сом алып кеткен. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полиция жәбірленушіден ақшаны алып, оны телефонмен алдаған адамдарға апарып берген. Ұсталған азамат – 21 жастағы Ш.Т. Ол Бішкектегі жоғары оқу орындарының бірінде оқиды. Полиция оның тағы телефонмен алдауға қатысты тағы бес қылмысқа қатысы барын анықтаған.

Полиция азаматтарды телефонмен алдаған алаяқтарға көмектескен басқа да курьерлерді анықтап жатыр.

Қырғызстан ІІМ азаматтарды телефонмен алдау қылмысымен күресті күшейткенін мәлімдеген. 23 ақпанда полиция алаяқтықпен айналысқан халықаралық қылмыстық топта қолға түсіргенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG