Ссылки доступа

Тәжікше Википедияға 20 жыл толды

Иброхим Рустамов
Иброхим Рустамов

Бірнеше күн бұрын Душанбеде тәжік Викидепиясының 20 жылдығы атап өтілді. Тәжік ғалымы Иброхим Рустамов тәжік Викидепиясының негізін қалаушылардың бірі, редакторы деп аталды. Ол АҚШ-та тұрады.

Азаттықтың «Мигрант Медиа» жобасы Мичиган штатында Рустамовпен кездесіп, тәжік Википедиясы туралы әңгімелесті.

Ол тәжік билігінің қысымы күшейген тұста Тәжікстаннан кетіп, АҚШ-ты паналаған, сол жерде оқуын жалғастырған. Докторантурада жеті жыл оқып, 2022 жылы докторлық диссертация қорғаған.

Рустамов тәжік Википедиясын дамытуға қосқан үлесін теңізге тамған тамшы ғана деп есептейді. «Википедия бір адамның немесе ұйымның жұмысы емес. Википедия – ортақ жұмыстың жемісі» дейді ол.

20 жыл бұрын, 2004 жылы, Иброхим Рустамов осы жұмысты жалғыз бастаған. Оны бұл іске IT маманы Рустам Косимов тартқан.

«Ол кезде мен Relief International ұйымында істейтінмін. Аймақтардағы бірнеше мектептің ұстаздарын Душанбеге шақыртты. Рустам Косимов бізге Викидепия туралы айтты. Сосын мен бірнеше танысыммен бірге Википедияның тәжікше нұсқасын құруға кірістім» дейді автор.

Кейін Рустамов Тайваньда Викимания конференцияларының біріне қатысып, сол жерде Википедияның негізін қалаушы Джеймс Уэлспен жүздескен. Осы кездесу оны қанаттандырып, тәжік Википедиясы одан сайын жақсара түсті.

XS
SM
MD
LG