Күдіктіні 21 ақпанда қырғыз арнайы қызметі мен Интерпол бюросының ұлттық орталығы бірлесіп ұстаған.
Рысәлиевке қылмыс әлемінің дөкейі Қамшы Асанбектің (Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобының белді мүшесі ретінде іздеу жарияланған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Бішкектің 1-май аудандық соты Рысәлиевті қамауда ұстау жөнінде шешім қабылдаған.
Қазір Дубайда ұсталған күдіктіні Қырғызстанға экстрадициялау, қылмыстық жауапқа тарту жұмыстары атқарылып жатыр.