Судья ішкі істер офицері Юсуфзоданы Коммерциялық институт мұғалімі Исмоил Рахмонды ұрлап, өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Сотталушының өзі мұғалімді өлтіру ойында болмағанын айтқан.
Юсуфзоданың туысы Исмоилжон Шукуров 12 жылға сотталды. Сот барысында оның екі адвокаты қорғауындағы азамат мұғалімді ұрлауға қатысып жатқанын білмеді, бар болғаны милиция қызметкеріне қылмыскерді ұстауға көмектесіп жүрмін деп ойлады деген.
Жоғарғы сот үкімді 28 ақпанда шығарған.
Институт мұғаліміне қатысты іс алты ай тергеліп, биыл қаңтардың аяғында Жоғарғы сотқа түскен.
Қылмыстық іс материалдары бойынша, Акмал Юсуфзода 2023 жылғы 12 маусымда жазалау мақсатында Исмоил Рахмоновты ұрлап әкетіп, оның қолын байлап, Фондария өзеніне лақтырып жіберген.