Ссылки доступа

Есірткінің заңсыз саудасы. Тәжік-өзбек шекарасында тексеріс күшейтілді (видео)


Почему усилены проверки на границе с Узбекистаном?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:45 0:00

Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бекеттерінде есірткімен ұсталғандар саны артқан.

Тәжікстанның Соғды облыстық кеден басқармасының басшысы Зафар Махмадиевтің айтуынша, 2023 жылдың аяғында Фотехобод шекара бекетінде Истаравшанның бір тұрғыны ұсталған. Ол жүк көлігіне тиелген Coca-Cola сусынымен бірге 71 кг героин өткізбек болған.

«Біз бұл көліктің Фотехобод бекетіне дейінгі жолын бақыладық, сосын тексердік. Қызметкерлеріміз үш күн бойы жүк арасынан есірткі іздеді. Ақыры тапты» дейді ол.

Махмадиевтің айтуынша, істі прокуратура тергеушілері жүргізген, оның барысы туралы ресми мәлімет жарияланбаған.

2023 жылғы тамызда Өзбекстанның Ташкент облыстық кеден басқармасы «Ойбек» кеден бекетінде Тәжікстаннан Өзбекстанға есірткі алып өтпек болған бір көлік тоқтатылған. Жүргізуші 55 кг есірткіні бензин бағы мен газ баллонына тыққан.

Зафар Махмадиевтің айтуынша, «бүкіл әлемде есірткінің заңсыз саудасы бар. Оны тоқтату мүмкін емес. Ит таппаған затты адам қалай тапсын? Есірткінің көрші елге өтуіне жол берген екі қызметкердің үстінен іс қозғалды. Олар жұмыстан кетті».

Тәжікстан мен Өзбекстан арасында 13 шекара бекеті бар. Фотехобод – Ойбек бақылау-өткізу бекеті ең ірісі саналады.

Кеден бекетінде қызметкерлер есірткі тапқан жағдайда, жүздеген адам бірнеше сағат бойы кезек күтіп тұруға мәжбүр.

XS
SM
MD
LG