Ссылки доступа

Тәжікстанда  президенті әскерге қабылдау жөніндегі жарлыққа қол қойды

5 наурызда Тәжікстан президенті 1997-2006 жылдары туған - 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтарды әскерге қабылдау жөніндегі жарлыққа қол қойды. Жылда көктемгі әскери науқан 1 сәуірде басталып, 31 мамырға дейін созылады.

Елде әскерге қабылдау науқаны екі мәрте – көктем мен күзде өтеді.

Осы уақыт аралығында көшедегі жастарды әскерге алып кеткені немесе олардың ата-анасына қысым жасалып жатқаны туралы мәліметтер көп түседі.

Мәселен, өткен аптада Тәжікстанның бірнеше өңірінде еңбек мигранттарының ата-аналарынан шетелде жүрген балаларын елге қайтаруды талап етіп жатқаны мәлім болды.

Билік әдеттегідей мұндай шағымдарды растамай отыр.

XS
SM
MD
LG