Бұл туралы Сироджиддин Мухриддин Исмам әріптестігі ұйымының кезектен тыс отырысында мәлімдеді. 5 наурызда Жиддада өткен форумда Палестина мәселесі талқыланды.
2023 жылғы желтоқсанда Тәжікстан өзінің БҰҰ-дағы өкілі арқылы Газа секторында атысты доғару туралы қарарды қолдаған. Сол кезде қарар жобасына Израиль, АҚШ, Австрия, Чехия және тағы алты мемлекет қарсы шыққан.
Бұның алдында, 2023 жылғы қазанның аяғында да Тәжікстан Газада оқ атуды тез арада доғару туралы қарарды қолдаған.
2023 жылғы 11 қарашада Араб елдері лигасының бірлескен саммитінде Тәжікстан президенті «мыңдаған бейбіт тұрғынды өлтіргенін» айыптаған.
Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс 2023 жылғы 7 қазанда таңертең басталды. Сол күні ХАМАС пен «Ислам жиһадының» қарулы күштері Газа секторынан Израильді зымыранмен атқылап, олардың содырлары ел аумағына кіріп, жүздеген адамды кепілге алған. Израиль де Газа секторын әуеден айтқылады. Ал 27 қазанда кешке армия сектор аумағына кірді.
Израильге жасалған шабуылдан 1200 адам қаза болып, 240-тан астам адап тұтқынға түскен. ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Палестинада шамамен 30,6 мың адам қаза болған.