Ссылки доступа

Өзбекстанның Қашқадария облысында 16 жастағы қыз сексуалдық құлдықта болған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қашқадария облысында жас қызды сексуалдық құлдықта ұстады деген күдікпен бір әйелдің үстінен іс қозғалды.

Өзбекстан балалар омбудсмені Сураё Рахмонованың хабарлауынша, 5 наурызда Қарши ауданында Г.Н. есімді әйелдің ісі тергеле бастады. Ол үйінде кәмелет жасқа толмаған қызды сексуалдық құлдықта ұстады деген күдікке ілінген.

16 жастағы қыздың айтуынша, ол туыстарының қысымынан кейін өз үйін тастап кеткен. Бір танысы оны Қашқадария облысы Қарши ауданындағы үйге жеткізген. Сол үйдің иесі жас қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Қыз ол жерден қашып шыққан.

Омбудсмен сұрауынан кейін, құқық қорғау органдары тексеру жүргізе бастады. Істі балалар омбудсмені жіті қадағалап отыр.

Күдікті бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG