«Табиғи газ қысымының қалыпқа келуіне байланысты елдегі барлық газ құю бекеттері әдеттегі тәртіппен жұмыс істейді» деп хабарлады министрлік өкілі.
Қазір Ферғана алқабын газбен қамту жұмыстары атқарылып жатыр. Осы бағыттағы жұмыс жақында аяқталады, деп хабарлады министрлік.
7 наурызда сағат 9:00-де халықаралық жолдардағы, сонымен бірге аймақтағы жанармай құю бекеттері әдеттегі тәртіппен жұмыс істей бастады. Әзірге Ташкент, Ферғана, Әндіжан және Наманган облыстарында газ қысымы әлі жеткіліксіз екеніне байланысты осы өңірлердегі жанармай құю бекеттерінде әлі уақытша шектеу алынған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 18 ақпанда республика өңірлерінде күн күрт сууына байланысты елдегі газ құю бекеттерінің бәрінде шектеу енгізілген.