«Тәжікстанның бұрынғы азаматы, кейін Қырғызстан азаматтығын алған Құбатбек Юлдашев 2022 жылы Исфарадағы ата-анасының үйіне барған. Сол жылы қыркүйекте екі ел арасында жанжал басталған уақытта Тәжікстанның арнайы қызметі біздің азаматты «тыңшы» деп айыптап, оны 13 жылға соттаған. Ол екі жылдан бері түрмеде отыр. Оның тыңшылыққа ешқандай қатысы жоқ, сол кездегі оқиғалардың құрбаны ғана. СІМ, ҰҚМК және омбудсменнен оған көмек көрсетуін сұраймын» дейді Сұлтанбай Айжігітов.
Тәжікстанда ұсталған қырғыз азаматының туыстары депутаттан көмек сұраған.
Жогорку Кеңеш спикерінің орынбасары Нұрбек Сыдығәлиев тиісті органдарға осы мәселемен айналысуды тапсырды.
2021 жылғы мәліметке қарағанда, Қырғызстанның 39 азаматы Тәжікстанның Соғды облысында шекарадан заңсыз өтті деген айыппен сотталған.
2022 жылғы сәуірдегі мәлімет бойынша, Қырғызстанның 13 азаматы Тәжікстанда түрлі қылмыстық істермен сотталған.