Ссылки доступа

Талибан CASA-1000 жобасына қосылды


www.casa-1000.org сайты
www.casa-1000.org сайты

Дүниежүзілік банк CASA-1000 энергетикалық жобасының Ауғанстандағы бөлігін қолдануды қалпына келтірді. Бұл туралы "Талибан" үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид "Х" (бұрынғы "Твиттер") парақшасына жазды.

"Дүниежүзілік банк екі жылдық демалыстан кейін CASA 1000 жобасының Ауғанстандағы бөлігін қолдануды қалпына келтіріп жатыр. Тиісті шешім өткен аптада Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістан үкіметтері мен Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен Стамбұл отырысында қабылданды", – деп жазды Мужахид.

Әзірге бұған қатысты Тәжікстан билігі пікір білдірмеді. Душанбе осыған дейін "Талибан" қозғалысы құрған Ауғанстандағы үкіметті мойындамайтынын бірнеше рет мәлімдеген. Бірақ соған қарамастан Ауғанстанға электр энергиясын сатуды жалғастырып келеді.

CASA-1000 Қырғызстан мен Тәжікстаннан Ауғанстанға және Пәкістанға электр энергиясын экспорттауға бағытталған жоба.

CASA-1000 жобасы 2021 жылы тамызда Ауғанстан үкіметін "Талибан" қозғалысы басып алғаннан кейін уақытша тоқтатылған.

XS
SM
MD
LG