Ссылки доступа

Қырғызстанда жарыққа шектеу алынып тасталды


Қырғызстанның энергетика министрлігі 8 наурыздан бастап жарықты өшіру тоқтатылғанын жеткізді. Мәліметте ауа-райы жылынып, электр энергиясына қажеттілік азайғаны жазылған.

Соңғы күндері электр энергиясына деген сұраныс тәулігіне 61 млн 117 мың кВт. сағатты құрап жатыр. Күн суық кезде ол тәулігіне 70 млн кВт. сағатқа дейін жеткен.

Ресми мәліметке сәйкес, Тоқтағұл су қоймасында қазір 7,5 млрд текше метр су бар. Мамандар судың көлемі 6,5 млрд текше метрге түскенде ГЭС-тің жұмысы уақытша тоқтатылатынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG