Ссылки доступа

Рахмон: Үш жылда 24 тәжікстандық 10 елде теракт жасаған


 Тәжік президентінің дін қызметкерлерімен кездесуі. Душанбе, Кохи Вахдат, 9 наурыз
Тәжік президентінің дін қызметкерлерімен кездесуі. Душанбе, Кохи Вахдат, 9 наурыз

Соңғы үш жылда Тәжікстанның 24 азаматы әлемнің 10 елінде террористік актілер жасады. Осылай деп тәжік президенті Эмомали Рахмон Ораза айының алдында дін қызметкерлері және қоғам өкілдерімен кездескенде мәлімдеді.

"Мұндай әрекеттер тәжік жастарының білімсіздігі мен тәжірибесіздігін пайдаланған топтар мен арнайы қызметтер тарабынан жасалынып жатыр", - деді президент.

Елде діни сенім бостандығына тоқталған Рахмон Тәжікстанда діни ұйымдар еркін жұмыс істеп жатқанын білдірді.

Тәжікстанда әрбір 1800-2000 азаматқа бір мешіттен келсе, ТМД-ға мүше елдерде бұл көрсеткіш 3000-3500 адамнан құрайды", - деді Рахмон.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының 2024 жылдың басында жариялаған баяндамасында былтыр Тәжікстанда исмаилиттерге (Таулы Бадахшан автоном облысында басымдық қылған исламның шийит ағымындағы бағыт) намаз оқу үшін үйлерге шоғырлануға, 18 жасқа толмайтын жеткіншектерге діни білім алуға тыйым салынғаны жазылған.

XS
SM
MD
LG