Мәліметтерге қарағанда, оқиға Квинсте Халықаралық әйелдер күніне орай отбасылық мереке кезінде болған. Ерлі-зайыпты Жамшид Нематов пен Амира Нематова ұрсып қалған.
Ұрыс кезінде күйеуі әйеліне пышақ сілтеп, әжептәуір қатты жаралаған. Оқиға орныне келген полиция ер азаматтан пышақты тастауды талап етіп, ол суық қаруды тастап үлгергенше оқ атқан. Жәмшид Нематов оқтан өлген.
Жәбірленушіге ота жасалған, оған күйеуінің өлімі туралы әлі хабарланбаған.
Өзбекстаннан АҚШ-қа көшкен жұптың артында төрт бала қалды.
Отбасы туыстарының бірінің айтуынша, ер азаматтың психикалық денсаулығы жақсы болмаған. Көршілер бұрын бұл отбасының ұрысқанын естімегенін айтқан.