Бұның алдында, 7 наурызда депутат Сұтанбай Айжігітов Жогорку Кеңеш отырысында Юлдошев мәселесін көтерген. Депутат үкіметтен көрші елде түрмеде отырған азаматқа көмек көрсетуді сұраған.
«Бұл азаматты Қырғызстанға ауыстыру мәселесі жөнінде Тәжікстанның мемлекеттік органдардың келіссөз жүргізіліп жатыр» деп хабарлады СІМ.
Министрлік Юлдошевке тағылған айыптың ерекшелігіне байланысты оны Қырғызстанға ауыстыруға көбірек уақыт керек деп мәлімдеді.
2023 жылғы 20 қаңтарда 36 жастағы қырғызстандық Құбатбек Юлдошевке сот үкімі шықты. Содан бері ол Тәжікстанда түрме жазасын өтеп жатыр.
Тәжікстан қылмыстық кодексіне сәйкес, «тыңшылық» қылмысы үшін 12 жылдан 20 жылға дейін түрме жазасы белгіленеді.