Бұл "Группа 24" тобының соңғы бір айда жоғалып кеткен екінші мүшесі. Ақпан айында 39 жастағы Насимджон Шарифов Стамбұлда із-түссіз жоғалып кеткен.
11 наурыздан бері Сухроб Зафардың телефоны сөндірулі дейді әріптестері.
Ол соңғы жылдары Түркияда тұрған. Ол белгісіз біреулер үнемі қорқытып-үркітіп отырған.
Сухроб Зафар Тәжікстаннан Түркияға 2014 жылы көшіп кетті.
"Группа 24" тобын кәсіпкер Умарали Кувватов 2015 жылы Түркияда құрған. Тәжікстанда бұл ұйым экстремистік деп танылып, қызметіне сырттай тыйым салынған.