Мәліметке қарағанда, 1989 жылы туған Шахбоз Шодиев алаяқтық жасады, қаржы жымқырды деген айыптармен іздестірілген. 1997 жылы туған Шахбоз Сатимбоев алаяқтық, жалған құжат жасау айыптарымен іздеуге берілген.
Екі өзбекстандық та 2023 жылы Әзербайжанда ұсталған. Екеуіне де қамауда ұстау жөнінде бұлтартпас шарасы қолданылған.
Әзербайжан айыпталушыларды халықаралық құжаттарға сай экстрадициялау жөнінде шешім қабылдады. Күдіктілер сұратқан елге тапсырылды.