Бішкек дене шынықтыру және спорт департаментінің директоры спорт мектебінің мүлкі жетпіспейтіні туралы арызды милицияға түсірген. Құқық қорғау органдары осы шағым негізінде қылмыстық іс қозғаған. Мемлекет бір миллионнан астам сом шығынға батқаны туралы мәлімет айтылды.
Тергеу барысында 1985 жылы туған С.К. жалған диплом тапсырғаны анықталған. Сол себепті милиция оның үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғаған.
Бішкектің Свердловск аудандық соты екі қылмыстық іс бойынша күдіктіні үйқамақта ұстау жөнінде шешім шығарды.
ІІМ күдіктінің кім екенін жарияламады. Алайда ресми мәліметтердегі күдіктінің аты-жөнінің бас әріптері Қаныбек Сағынбаевқа сәйкес келеді. Ол Бішкек қаласындағы олимпиадалық резерв мектебін басқарады. Сағынбаев бильярдтан әлемнің үш дүркін чемпионы. Мектеп директоры қызметіне 2021 жылы тағайындалған.