Ссылки доступа

Тәжікстанда бір отбасының 22 мүшесін өлтіру жөніндегі іс. Прокуратура Бохтар сотының шешіміне арызданды


Тәжікстан прокуратурасының мәлімдеуінше, құзырлы орган дала командирі Худжа Кәрімовтің бұрынғы күзетшісі Юсуф (Журабек) Солиховты 8 жылғы соттау жөніндегі үкіммен келіспейді.

Сот шешімінде үкім шығарар кезде 1998 жылғы жалпыұлттық рақымшылық ескерілгені, Салиховтың жазасы 12 жылдан 8 жылға дейін қысқарғаны айтылған. Ал сотталушының қорғаушылары Салихов бостандыққа шығуы керек деп есептейді.

Салихов үкімі биыл ақпанда шығарылған. Биліктің мәлімдеуінше, Салихов және қарулы банданың басқа да он мүшесі 1992 жылғы күзде Қорасан ауданында бір отбасының 22 мүшесін өлтіруге қатысқан. Олардың өлтірген соң марқұмдардың денелерін өртеп жіберген. Қанды оқиғада отбасының екі мүшесі тірі қалған. Салихов осы оқиғаға қатысқанын, бірақ жеке өзі адам өлтіргенін мәлімдеген.

Енді Хатлон облыстық прокуратурасы Аваз Назарзода Жоғарғы сотқа шағымданып, Салиховты бұдан көп жылға соттауды сұраған. Ол жазаны «жеңіл» деп сипаттаған.

Бұның алдында билік Тәжікстанда азамат соғысы жылдары жасалған қылмыстарға кінәлілер жауапқа тартылғанын хабарлаған. Олардың арасында Халық майданының бұрынғы дала командирі Худжа Кәрімов те бар. Ол жырма жылдан кейін Дубайда ұсталып, Душанбеге экстрадицияланған. 2022 жылғы ақпанда сот Кәрімовті 21 жылға соттаған.

XS
SM
MD
LG