Ол атмосфера қабатына таза метан жіберіліп жатыр деп айту "дұрыс емес" деді.
"Атмосфераға таза метан тарамады. Себебі, метанның өзі улы газ. Барлық әлемде апатты жағдайда оны тек жандырып жібереді. Апат кезінде оны жағып жіберді. Барлық әлемде қауіпсіздік шарасында осылай істейді", - деді Жомарт Әлиев. Оның сөздеріне Informburo.kz сілтеме береді.
Ол сонымен бірге ұңғымада жоспардан тыс тексеру аяқталғанын жеткізді.
Қазақстан Метан жөнінде ғаламдық бастаманың (Global Methane Initiative) қатысушысы. Ондағы мақсат - ауаға метан жіберуді азайту.
Атмосфераға метан тарап жатқанын бірінші батыстың геоаналитикалық және зерттеу институттары анықтады. Бұл жөнінде BBC хабарлады. Спутниктік мәліметке сүйеніп, ғалымдар былтыр маусым айынан желтоқсанға дейін 115 есе көп метан тарағанын мәлімдеген. Ұңғымадан атмосфераға 127 мың тонна метан тараған.
2023 жылдың 9 маусымында геологиялық-барлау жұмысы кезінде 1000 метр тереңнен газ-су қоспасы атқылап, өртке ұласқан. Жер астынан шыққан жалынның биіктігі 10 метрге дейін жеткен. 25 желтоқсанда ғана кеніште өрт сөндірілгені хабарланды.
Оңтүстік Қаратұрын кен орнында барлығы 20 мұнай-газ ұңғымасы бар. Метан көмірқышқыл газынан өте улы.