Ссылки доступа

Бішкек Астананың Қырғызстанда лицензияланған өнімдер айналымын шектеу жобасына қарсылық білдірді

Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінің Қырғызстанда лицензияланған өнімдер айналымын шектеу жөніндегі жобасына ресми Бішкек наразылық білдірді. Бұл жөнінде Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған мекеме Қазақстан жобасын кедергі деп бағалап, Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кәсіпкерлеріне ішкі нарыққа енуіне тосқауыл болатынын жеткізді.

Қырғыз тарабы бұған қарсы тиісті шаралар қолданатынын әрі күресетінін білдірді.

Министрлік бұл мәселені шешу үшін ЕАЭО деңгейінде кеңестер өткізетінін айтты.

Қазақстан тараптың Қырғызстанда лицензияланған өнімдер айналымын шектеу жөніндегі жоспары сауда және интергация министрлігі техникалық реттеу комитетінің қаулысы жобасында көрсетілген.

Ол жобада 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап осы уақыттан кейін берілген ЕАЭО KG (Қырғызстан) лицензиясы бар өнімдер айналымын Қазақстанда шығаруға тыйым салыну көзделген.

Бұл шешімді қазақ тарабы өнімдер сапасы жөніндегі құжаттарды тексеруден өткізбей рәсімдейтінімен түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG