Ссылки доступа

Жоғалып кеткен 9 жастағы тәжік қызының денесі Өзбекстаннан табылды


Бір ай бұрын Хожент шаһарында жоғалып кеткен 9 жастағы Сафияхон Рахматованың денесі Өзбекстан аумағынан табылды.

Әкесі 7 ақпанда жоғалған қызының денесін таныды. Бұл жөнінде Тәжікстанның төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді.

Сафияхон денесі 12 наурызда Сырдарияның Өзбекстан жағынан табылған.

Былтыр Сырдария өзеніне 55 адам батып кеткен. Оның 19-ы бала. Төрт адамның денесі әлі табылмады.

XS
SM
MD
LG