Ондағы мәліметке сәйкес, мемлекеттік айыптаушы айыпталушылардың бәріне ұзақ мерзімге жаза сұраған. Ал Дилшода Саидмуродов пен Камарруззамон Азизовке өмір бойы түрме жазасын сұраған.
"Дилшод СБ" деген лақап атымен танымал Саидмуродов осыған дейін Тәжікстанның ішкі істер министрлігінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жұмыс істеген.
49 жастағы Шухрат Исматуллоев "Ориенбанк" төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Оны былтыр 23 маусымда белгісіз адамдар ұрлап әкеткен. Оның денесі тек 15 тамызда табылды.