Ссылки доступа

Ресейде әскери аэродромға ұшақ құлады


Ивановта әскери аэродромда Ил-76 әскери-тасымал ұшағы құлады. Ұшақтың ұшу кезінде қозғалтқышы жанған.

Ресей қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, ұшақта сегіз экипаж қызметкері мен жеті жолаушы болған.

Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер апат кезінде өз аумағының тумасы ұшқыштың қаза болғанын мәлімдеді.

Тверь облысының губернаторы Игорь Руденя да тверлік әскери ұшқыштардың да апат болған ұшақта болғанын жеткізді.

Экипаж қозғалтқыштан шыққан өртті байқап, аэродромға кері оралмақшы болған. Бірақ сәтсіздікке ұшыраған.

Ресей қорғаныс министрлігі ұшақ рейсінің жоспарлы болғанын мәлімдеді. Бірақ онда жүк болған-болмағанын айтпады.

XS
SM
MD
LG