Ссылки доступа

13 наурызда Астана маңында жауынгерлік техника маршы өтеді


Қазақстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ақмола гарнизонының әскери бөлім қызметкерлері қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы аясында Астана маңындағы аудандарда марш өткізеді.

Министрлік бұл «қарулы күштердің әскери дайындығын кешенді тексеруге арналған кезекті шара» дейді.

Маршқа байланысты Астана маңында, Қарағанды тас жолында қозғалыс уақытша шектелуі мүмкін екенін ескертті. Қорғаныс министрлігі азаматтардан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрады.

Қазақстанда халық әскери техникалардың жылжуына алаңдап қарайды, себебі Ресей Украинада әскери басқыншылық жүргізіп жатыр, ал 2022 жылғы қаңтарда Қазақстанға ҰҚШҰ бірлескен күштері кірген.

XS
SM
MD
LG