Ссылки доступа

Кабулда Өзбекстан мен Талибан үкіметтерінің өкілдері келіссөз жүргізді


Өзбекстан сыртқы істер министрлігі Бахтиёр Саидов 12 наурызда Ауғанстан астанасына барып, тәліптер жасақтан үкімет өкілдерімен кездесті.

Министр Саидовтың айтуынша, Кабулға сапар барысында ол Ауғанстанның уақытша үкіметінің өкілдерімен – премьер-министр қызметін уақытша атқарушы Молла Мохаммад Хасан Ахундпен, премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарушы Мавлави Абдул Салам Ханафимен, сонымен бірге бірнеше тәліп министрімен кездескен.

Саидов Өзбекстан сыртқы істер министрі ретінде Ауғанстанға алғаш рет сапарлап отыр.

Бір жыл бұрын Өзбекстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Абдуләзіз Комилов Талибан өкілдерімен келіссөз жүргізген. Ақпанның басында Өзбекстан мемлекетті қауіпсіздік қызметінің басшысы Абдусалом Әзізов Кабулда тәліптердің уақытша қорғаныс министрі Мохаммад Якубпен кездескен.

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімов бұрын Талибан билігімен ешқандай байланыс орнатпаған, ал қазіргі президент Шавкат Мирзияев 2021 жылғы тамызда Кабулда билікті басып алған тәліптермен әріптестік орнату жолын таңдаған.

2022 жылғы желтоқсанда Мирзияев Талибан үкіметімен әріптестік орнатуға дайын екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG