Бұл жөнінде аталған топтың өкілі Убайдулло Саиди хабарлады.
Ол 12 наурызда Озоди радиосына берген сұқбатында лидерінің тағдырына алаңдайтынын білдірді.
"Егер оны Тәжікстанға мәжбүрлеп алып кеткен болса, оны ол жақта азаптау мен ұзақ мерзімге түрме жазасы күтіп тұр", - деді Убайдулло Саиди.
Ал Орталық Азиядағы Адам құқығын зерттеуші Стив Свердлов Түркия және Тәжікстан билігінен Сухроб Зафардың қазір қайда екенін анықтап беруді талап етті.
"Группа 24" тобының тағы бір мүшесі Насимджон Шарипов та 23 ақпаннан бері хабарсыз кетті. Ол да Стамбұлда тұратын. Оларға соңғы жылдары, тіптен соңғы апталарда тәжіктің арнайы қызметі тарапынан түрлі қорқытулар мен ескертулер жасаған. Қазір екі бірден белсенді жоғалып кетті. Тәжікстанға Түркия билігі көмектескен болуы мүмкін", - деді Стив Свердлов.
"Группа 24" тобын оппозициялық кәсіпкер Умарали Кувватов құрған. Оны 2015 жылы Стамбұлда өлтіріп кеткен. 2014 жылы аталған топты тәжік билігі "экстремистік" деп таныған. Ондаған мүшесі қуғындалып, түрмеге қамалды.