Ссылки доступа

Қырғызстанда Әкелер күнін атап өту ұсынылды


Қырғызстан парламентінің депутаты Медербек Алиев 15 наурызда Әкелер күнін атап өтуді ұсынды. Тиісті заң жобасы қоғам талқысына шығарылды.

Депутаттың сөзінше, бұл отбасында ер адамдарға жауапкершілікті арттыруға себеп болады. Заң жобасында балалардың тұлға болып қалыптасуына әкелер маңызды рөл ойнайтыны айтылады.

Әлиевтің пікірінше, Әкелер күнін атап өту арқылы балалары, отбасы және қоғам тарапынан ер адамдар бір сәт алғыс сезіміне бөленеді. Заң жобасының авторы бала тәрбиесіне тек аналар жауапты деген ескі көзқарасты жоюымыз керек дейді.

Заң жобасында Әкелер күні демалыс болмайды деп көрсетілген.

2012 жылдан бері Қырғызстанда мамыр айының үшінші жексенбісінде Аналар күні атап өтіледі.

XS
SM
MD
LG