Ссылки доступа

Өзбекстанда бірінші сынып оқушысын ұрған мұғалім жұмыстан шықты

Хорезм облысы Хонқа ауданындағы №36 орта мектеп мұғалімімен 1 наурыздан бастап еңбек келісімшарты үзілді. Бұл туралы балалар омбудсмені Сурайё Рахмонова хабарлады.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде бір мұғалімнің бірінші сынып оқушысын ұрып жатқаны туралы видео тараған.

Оқиға 23 ақпанда Хонқа ауданындағы №36 орта мектептің бірінші сыныбында технология сабағы барысында болған.

Видеодан байқағанымыздай, мұғалім әуелі оқушы балаға қол көтерген, одан соң оқушы қызға айқайлап, оның бетінен бір ұрған. Бас прокуратура ішкі істер органдары тексеріп жатқанын мәлімдеген.

Балалар омбудсмені кеңсендегілердің хабарлауынша, 1 наурыздан бастап мұғалім бұл мектепте жұмыс істемейді. Бұған қоса, мұғалімге әкімшілік жауапкершілікпен айыппұл салынған.

XS
SM
MD
LG