Оның айтуынша, қарақалпақтарды қудалау туралы айтылған баяндама мәтінін Мұратов дайындаған.
Қарақалпақстан билігі баяндамаларда «діни экстремизм, сепаратизм және фундаментализм идеялары бар» деп шешкен. Нарбекованың айтуынша, 2023 жылғы қарашада өзбек арнайы қызметі оның Өзбекстандағы туыстарын қорқытқан. 2023 жылғы қарашада Қарақалпақстан билігі Мұратовқа іздеу жарялаған. Нарбекованың айтуынша, інісі ол туралы білмеген. Шамамен сол уақытта Нөкіс соты оны қамау туралы сырттай шешім шығарған.
Мұратов 2024 жылғы ақпанда Алматыда ұсталғаннан кейін Қарақалпақстан ІІМ өкілдері Алматы полициясына хат жолдап, оны Өзбекстанға депортациялауға көмектесуін сұраған.
Алматы полициясы бұл іске қатысты ешқандай мәлімет бермеді.
Ақылбек Мұратов (Мұратбай) 15 ақпанда Алматыда ұсталды. 17 ақпанда алматылық сот оны 40 күн қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды.
35 жастағы Ақылбек Мұратов – Өзбекстан азаматы, он жылдан бері Қазақстанда тұрады. 2022 жылғы шілдеде Қарақалпақстанда көтеріліс күшпен басылғаннан кейін, Мұратов әлеуметтік желілерде қарақалпақтар қуғындалып жатқаны туралы мәліметтер жариялап тұрған.