Акцияға қатысушылар түрік консулдығы алдында жиналды. 10 наурызда Стамбұлда Сухроб Зафар із-түссіз жоғалып кетсе, 23 ақпаннан бері Насимджон Шарифовтан ешқандай хабар-ошар болмады.
Наразылық білдірушілер лидерлерінің өміріне алаңдайды. Егер оларды күшпен Тәжікстанға алып кетсе, олардың өміріне қауіп төніп тұр дейді.
"Группа 24" тобының баспасөз хатшысы Убайдулло Саиди 14 наурызда Озоди радиосына берген сұқбатында акцияның түрік консулдығы алдында төрт сағатқа созылғанын жеткізді.
"Біз хат жазып, оны пошта жәшігіне тастадық. Енді 15 наурызда Венадағы түрік елшілігі алдында жиналамыз. Түрік елшілігі бар Еуропаның барлық қалаларына барамыз", - деді Убайдулло Саиди.
Алдын олар Түркияның бас прокуратурасына шағымданған.