Ссылки доступа

Таулы Бадахшанда «Барги сабз» ұйымының төрт қызметкері жол апатынан қайтыс болды


Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялы облысы Дарваз ауданында «Барги сарз» ұйымының төрт қызметкері жол апатынан қайтыс болды.

Азаттық дереккөздерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 наурызда түсте Норинг деген жерде болған.

«Барги сабз» үкіметтің емес ұйымының «Тойота-Ландкрузер» жеңіл автокөлігі «Шакман» жүк көлігімен соғысқан. Оқиға орнында көлік жүргізуші мен үш жолаушы қайтыс болып, бір адам жараланған.

«Барги сабз» өкілдерінің айтуынша, үкіметтік емес ұйым қызметкерлері Душанбеден Хорогқа жұмыс бабымен барған. Ұйым Таулы Бадахшандағы экологиялық жобалармен айналысады.

ІІМ тексеру жүргізіп жатыр. Тәжікстанда күнде жол апатанынан орта есеппен үш адам қайтыс болады.

XS
SM
MD
LG