Арнайы қызмет мәліметінше, 51 жастағы Ш.Т. шұғыл іздестіру шарасы барысында қолға түскен.
«Әндіжан облысында туған азаматты елінде конституциялық құрылымды бұзуға әрекеттенді деген күдікпен іздестірген» деп хабарлады ҰҚМК.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, қазір ол Қырғызстанда тергеу изоляторында отыр. Арнайы қызмет таратқан ақпаратт Өзбекстан азаматын еліне экстрадициялау мәселесі туралы ештеңе айтылмаған.