Ссылки доступа

Үндістандағы қонақ үйлердің бірінде өзбек азаматының денесі табылды


Үндістанның оңтүстігіндегі Бангалор қаласында қонақ үйлердің бірінде 27 жастағы өзбек әйелінің денесі табылды. Ол Үндістанға өлерінен төрт күн бұрын туристік визамен келген, деп хабарлады "Дарьё".

Алдын ала мәлімет бойынша, 13 наурында Jagadish Hotel қонақ үйінде Өзбекстанның З.Ж. есімді азаматының денесі табылған. Ол 1997 жылы Қашқадария облысында туған.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, әйелді тұншықтырып өлтірген болуы мүмкін. Марқұмның телефоны мен құнды заттары жоғалған.

«Полиция қонақ үйдің екі қызметкерінен күдіктенеді. Олар сәрсенбі күні кешке із-түссіз жоғалған» деп хабарлады The Times of India.

Өзбекстанның Үндістандағы елшілігі марқұмның туыстарына хабар беріп, оларға заң тұрғысында көмек берумен айналысады.

XS
SM
MD
LG