Ссылки доступа

Amnesty International Қырғызстан президентін «шетел өкілдері туралы» заңға вето қоюға шақырды


Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Қырғзыстан президенті Садыр Жапаровты «шетел өкілдері туралы» заңға вето қоюға шақырды. Жогорку Кеңеш бұл құжатты 14 наурызда қабылдаған.

Мәлімдеме ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойында директоры Мари Струтерстің айтуынша, парламент қабылдаған бұл заң алаңдатып отыр. «Мұндай қадам бірігу еркіндігі мен үкіметтік емес ұйымдардың тәуелсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, Қырғызстан азаматтық қоғамы белсенділігіне кедергі келтіреді» дейді Струтерс.

Оның айтуынша, Жапаров бұл заңға «вето қоюы тиіс».

Жогорку Кеңеш «шетел өкілдері туралы» заңды 14 наурыздағы отырыста асығыс қабылдаған. Құжат парламенттің күн тәртібінде болмаған, алайда депутаттар заң жобасын талқылау жөніндегі шешімді отырыс кезінде қабылдаған.

Еуроодақ делегациясы, Канада, Франция, Германия, Ұлыбритания және АҚШ елшіліктері заң жобасының қабылданғанына алаңдаушылық білдірді.

Бұның алдында Human Rights Watch ұйымы мен ЕҚЫҰ Қырғызстанды бұл заңды қабылдамауға шақырған.

XS
SM
MD
LG