Ссылки доступа

Самарқандта жас балаға жәбір көрсеткен адамға қылмыстық іс қозғалды


Өзбекстанның "Эзгулик" құқық қорғау қоғамының жетекшісі Абдурахмон Ташанов Самаркандта жас балаға жәбір көрсеткен оқиғаны баяндады.

Ол көлік ішінде аяғы шынжырмен байланған баланың видеосын жариялады. Видео 16 наурызда түсірілген.

"Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері балаға жәбір көрсетушінің бұрынғы тәртіп сақшысы екенін білгенде, бұл зомбылық емес деген қаулыға қол қойған. Бұрынғы құқық қорғау қызметкерлері жәбір көрген бала қазір Самарқанд қалалық ішкі істер басқармасында, оның қазіргі тағдыры белгісіз. Ал баланы қинаған адам үйінде тыныш отыр", - деп жазды құқық қорғаушы.

Өзбекстанның бас прокуратурасы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG