Ссылки доступа

Сібірде Шымкенттен шыққан 54 жолаушысы бар автобус аударылып, бірнеше адам зардап шекті


Ресейдің Алтай өлкесінде Шымкент – Новосибирск бағытында кетіп бара жатқан автобус жыраға құлап кеткен. Бұл жөнінде жексенбіде ресейлік БАҚ хабарлады.

Апат салдарынан кемінде жеті жолаушы зардап шеккен, олардың біреуі ауруханаға жеткізілген. Алтай өлкесі ТЖМ дерегінше, Гришковка ауылындағы жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат 17 наурыз күні таңертең түскен.

Құтқарушылардың хабарлауынша, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен көлік бір шетке аударылып қалған. БАҚ автобус көктайғақ салдарынан аударылған деп жазды.

Автобуста жиынтығы 56 адам болған – екі жүргізуші, 54 жолаушы (арасында үш бала бар). Жолаушылар мен жүргізушілер қай елдің азаматы екенін туралы дерек жоқ. Ақпаратқа қарағанда, автобус Новосибирск қаласына бара жатқан.

"Жеті адам зардап шекті (жеңіл жара, арасында балалар жоқ). Бәрін жедел жәрдем қызметкерлері қарап шықты. Бір адам Славгород қалалық ауруханасына жатқызылды", – деді Алтай өлкесінің ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ мәліметінше, жүргізушілер бұл автобуспен Қазақстанға өз бетінше шығып жүрген.

XS
SM
MD
LG