Оның сөзінше, мәдениет министрлігі бұл шешімге қарсы шағымбанбаса немесе арызданған жағдайда Бішкек қалалық соты әкімшілік сот шешімін күшінде қалдырса, kloop.kg сайты қайта ашылуы керек.
"Клооптың" орыс тіліндегі сайты 12 қыркүйектен бастап жабылған. Оған "Саясаткер Равшан Жээнбеков абақтыда азапталғаны хабарланды" деген материал негіз болған.
"Клооп" бұл шешімге қарсы болып келеді.
Бішкектің Октябрь аудандық соты 9 ақпанда "Клооп Медиа" қоғамдық қорын жою жөнінде шешім шығарған.
Kloop 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Бірқатар журналистік зерттеулері үшін халықаралық сыйлықтар алған. Қазір де журналистік зерттеуін жалғастырып келеді.