Ссылки доступа

Алматыда жеті жастағы өгей қызын өлтіруге айыпталған әйел 20 жылға сотталды


Алматының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты жеті жастағы өгей қызын өлтіруге айыпталған қала тұрғынын 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот мәліметінде сотталған әйел мен марқұм қыздың аты-жөні ашық жазылмады. Тек аты-жөндерінің бас әріптері ғана жазылған.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, сот Алматы тұрғыны Балжан Тұрлыбекті былтыр шілдеде жеті жастағы өгей қызы Карина Закураеваның өліміне кінәлі деп тапты.

Тұрлыбек 2022 жылдан бері бұрынғы некесінен қалған бір қызы бар ер адаммен тұрған. Қыздың туғаннан үлкен дәретін жіберіп қоятын ауруы болған. 2023 жылдың жазында қыз үлкен дәретке жіберіп қойғанда, айыпталушы қызды ұрған. Ал алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қаза болған.

Orda.kz басылымы сотталушының авдокаттарына сілтеме жасап хабарлағандай, сотта олар ықтимал процессуалды заң бұзулар болғанын айтып, зерттеу үшін сотқа барлық дәлелді бұйымдар алып келінуі керек екенін білдірген. Бұдан бөлек марқұмның әкесі Бакен Ғалымжанұлына да қылмыстық іс қозғауды талап еткен.

Сотта Балжан Тұрлыбек кінәсін жартылай мойнына алғаны хабарланды. Прокурор оны 20 жылға соттауды сұраса, жәбірленуші тарап өмір бойы еркінен айыруды талап еткен.

Жергілікті басылымдар Тұрлыбек белсенді және Мүлік иелері бірлестігі кооперативінің бұрынғы төрайымы екенін жазып жатыр.

XS
SM
MD
LG