Ссылки доступа

Тәжікстанда қажылық сапардың ақшасын президент туысы басқаратын банк арқылы төлеу талап етіліп жатыр


Тәжікстанда 2024 жылдағы қажылық сапардың бағасы 57 мың сомони немесе 5 мың доллардан астам деп белгіленді. Бұл туралы елдің Дін істері жөніндегі комитеті мәлімдеді.

Озоди радиосының мәліметінше, зиярат етушілерден қажылық сапардың ақшасын "Ориёнбанк" арқылы төлеуді талап етіп жатыр. Бұл банкті ел президенті Эмомали Рахмонның қайнысы Хасан Асадуллозода басқарады. Оның орынбасары қызметінде президент қызы Зарина Рахмон істейді.

Сауд Арабиясы 2024 жылы қажылық сапа үшін Тәжікстанға 7 мың квота бөлді. Биыл қажылық сапар мамыр айының екінші жартысында басталады.

XS
SM
MD
LG