Ссылки доступа

Депутат: Қазақстан клиникалық сынақтан өтпеген қытай инсулинін сатып алған


Қазақстан клиникалық сынақтан әлі өтпеген қытай инсулинін сатып алған. Бқл туралы мәжіліс депутаты Гүлдар Нұрұмова 18 наурызда хабарлады.

«Оны әлемде екі мемлекет қана – Қазақстан мен Латын Америкасындағы бір сатып алған. Оның қаншалықты тиімді екені белгісіз, себебі әлі клиникалық сынақтан өтпеген. Дәрігерлер мен науқастар ашулы» деп мәлімдеді депутат. Оның айтуынша, қытай инсулині мен еуропалық инсулин бағаларында аса үлкен айырмашылық жоқ.

2014 жылы Қазақстанда еуропалық инсулин тіркелген. Ол бір жастағы балалар да қабылдай алатын жалғыз дәрі. Былтыр ол дәрі тегін медициналық көмек аясында берілетін дәрілер тізіміне енген, бірақ науқастарға еуропалық инсулин дәрісін бермей жатыр.

Бұл уақытта, Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қытай инсулинінің алғашқы партиясы былтыр сатып алғанын мәлімдеді. Министр мен депутат мәлімдемелерін «Власть» сайты жариялады.

«Бір жылда халық тарапынан ешқандай сын айтылмады. Балалар бұған дейін қолданылып келген инсулинді пайдаланып жүр» деп хабарлаған министр.

XS
SM
MD
LG