Ссылки доступа

Мәскеу-Куляб рейсінің жолаушысы әуеде қайтыс болды

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Уральские авиалиний» әуе компаниясының Мәскеу-Куляб рейсінде бір жолаушының жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болды.

Мәліметтерге қарағанда, 18 наурызда кешке Airbus A321neo ұшағы Мәскеуден Кулябқа ұшып шыққан.

Ұшақ бортында 92 жолаушы болды. Ұшып бара жатқан уақытта жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлады. Бортсеріктер оған көмек көрсетуге тырысқан, бірақ жолаушының жағдайы одан сайын қиындаған.

Жолаушы ұшағы Самара қаласына қонға мәжбүр болған. Ұшақ жерге қонған соң жедел жәрдем қызметкерлері жолаушыға көмек көрсетуге талпынған, бірақ нәтиже шықпаған. Жолаушы қайтыс болған. Екі сағаттан соң ұшақ Тәжікстанға ұшып шыққан.

XS
SM
MD
LG