Ссылки доступа

АҚШ-та Өзбекстан тумасы бұрынғы әйелін өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсады


Құрама Штаттарда Өзбекстаннан көшіп келген бір ер азамат бұрынғы әйелін атып өлтіріп, одан соң өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы The Philadelphia Inquirer хабарлады.

Басылым мәліметінше, 44 жастағы Аллаберг Филадельфияда бұрынғы әйелі, 43 жастағы Дурдона Сұлтанованы атып өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған.

Дереккөз мәліметінше, 17 наурызда шамамен сағат 16:38-де Морленд полициясына жергілікті тұрғындардан шұғыл көмек туралы арыз түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері пәтерде екі адамның денесі жатқанын көрген.

Сұлтанова кеуде тұсы мен басына тиген көптеген оқтардан қансырап өлген. Билік мәліметінше, Аллаберг басына тиген оқтан қайтыс болған.

Аудандық сот кісі өлтіру қылмысы бойынша іс қозғады.

Мәліметтерге қарағанда, Дурдона Сұлтанова Ташкентте Әлем экономикасы мен дипломатиясы университетін аяқтап, кейін Жапонияда магистратурада оқыған. Екеуінің артында екі баласы қалды.

XS
SM
MD
LG