Осылайша үкімет электр энергиясының жаңа тарифтерін енгізуді 1 маусымнан емес, 1 мамырда бастауды көздеп отыр. Билік осы әрекеті арқылы энергетика секторындағы тапшылықты жабуды көздеп отыр.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, тарифтер шамамен 10,8 пайызға көтерілуі мүмкін.
2023 жылы да билік электр тарифін көтерген. Сол кезде үкімет оны «мәжбүрлі шара» деп атаған. Бұған қоса, былтыр жазда Қырғызстанда энергетика саласында төтенше жағдай режимі енгізілген.